Аудан әкімі ардагерлермен көрісті

(0 Votes)

14 наурыз күні аудан әкімі Ринат Ибрагимов сала басшыларымен және кент, ауылдық округ әкімдерімен бірге қазыналы қарттарды Көрісу мерекесімен құттықтады. Ауданның дамуына өлшеусіз үлес қосқан, тыл ардагерлері Бәйгетөбе ауылдық округінен Сағызбай Есімова, Мақат кентінен Қалам Жаңғабыловтың үйіне арнайы барып, қазақы салтпен көрісті. Көрісе барған барлық ардагерлерге сыйлық табыс етті.


Ардагерлер аудан басшыларының жұмыстарына жеміс тілеп, ақ батасын берсе, аудан әкімі бүгінгі буынға осындай дәстүрдің қаймағын бұзбай жеткізген ақсақалдарға алғысын айтты.


«Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерг ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Біздің ата-бабаларымыз салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қатаң сақтаған, біз осы мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, кейінгі буынға үлгі болуымыз керек. Бүгін осындай керемет күні арнайы шаңырақтарыңызға келіп отырмыз. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, жақындарыңызға амандық тілеймін»,- деді аудан әкімі.

55812ae2-6728-435f-b681-e4fed288cbae
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы ұстанған жергілікті билік өкілдері үлкендердің ұсыныс-пікірлерін назарда ұстап, ақ батасы мен тілегін алса, ізеттілік пен іскерлік деп осыны айтуға болады.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА,
суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT