Құндыз ауыл мектебінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді

(0 Votes)

Мұнайлы мекеннің мерейін үстем қылып жүрген өрендерімізден апта сайын ақжолтай жаңалықтар легі арылар емес. Жерлестеріміз кеше ғана еркін күрестен ел чемпионын қарсы алса, енді бүгін Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан XII халықаралық зерттеу жобалар конкурсына қатысып жүлделі бірінші орынды иеленген Құндыз Борисованы зор қошеметпен күтіп алды. Құндыз бүгінде Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 11-сыныбында білім алады. Математикадан жетекшілік жасап жүрген ұстазы Алмагүл Жолдасқызының да қуанышында шек жоқ.

6d8b6394-89a2-44a7-9994-0a34809edf59

Құндызды қарсы алуға келгендердің қатарынан табылған аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Долдашев жиылған жұртшылықты алдымен Амал мерекесімен құттықтап, білім саласына өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ұстаздарды айрықша атап өтті. Көпшілікке арнайы ақ ұсынылып, тәттілерден шашу шашылды. Бір топ төменгі сыныптың шәкірттері жеңімпаз оқушыға әдемі жыр жолдарын арнады.


"Додаға менен басқа біліктілігімен аты мәшһүр Назарбаев зияткерлік мектебі, білім инновация лицейі сияқты басқада көп облыстан оқушылар келді, мен ғана қарапайым ауыл мектебінен қатысушы болдым. Алғашында қорқыныш болды. Ашылуында басқа қатысушылармен танысқаннан кейін қорқынышым басылып олармен де танысып, тәжірбие алмастым. Жоба қорғау кезінде білікті профессорлар сұрақ қойған кезде мүдірмей барлығына жауап беріп, өз білімімді білікті ұстаздардың алдында дәлелдегеніме өте қуанышты болдым. Жобаға дайындаған жоба жетекшім Алмагүл Жолдасқызына алғысым шексіз. Қарапайым ауыл мектебінен Халықаралық деңгейде жеңімпаз шыққанына өте қатты мақтанамын",- дейді Құндыз қуанышын жасыра алмай.

 

А.САДЫҚОВ,
суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521