Мақат ауданы қызмет көрсетудің жаңа моделіне көшті

(0 Votes)

30 желтоқсан күні Мақат ауданының әкімдігі жаңа «сервистік әкімдіктің» есігін айқара ашты.

Айта кетейік мұндай форматтағы әкімдіктер бұдан бұрын барлық аудандарда және облыс орталығында ашылған болатын.

72f6ba20-65d6-4137-84d0-b0c8ce3956be


Ореn-space форматында халыққа қызмет көрсету аймақтарын қамтитын осы «сервистік әкімдіктер» «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құрылған.

kanat-s

- Мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» модельге көшуі мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениетінің көрінісі және халыққа қызмет көрсетудің қолайлы ортасын құруды мақсат етеді, – деп атап өтті ашылу салтанатына арнайы қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (СЖҚҚ) басшысы Қанат Сүлейменов.

dd4ed38e-c354-4922-a120-7d2ee2dbc098

Сервистік әкімдіктердің басты шарттары – азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мәселен, күтуге арналған ыңғайлы залдар, кеңес беруге арналған алаңдар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, ақпараттық стенділер, WI-FI желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы жағдай туғызбақ.

aec74bed-b9e0-4691-a1da-3ddad07be7da


Ашылу рәсімінің соңында аудан әкімі Шәкір Кейкин мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына ерекше назар аударатынын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы іске асыру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау әкімдіктің басым бағыты екендігін атап өтті.

e27eb30b-41b2-46bc-9236-cc687e0b7214

Жаңа ғимараттың лентасы кесілгеннен кейін шараға қатысушылар орталықтың ішін аралап, танысты.

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT