Аурухана жөндеуі баяу жүрді

(0 Votes)

«Aqiqat» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғабдуллин Атырау «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары не себепті 2 жылдан бері бітпей жатқанын және бөлінген қаражат қайда кеткенін білу мақсатында арызданған.

Түскен арыз Атырау "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі Күлпаш Әділбекқызына жолданып, қоғамдық бақылау жүргізілген болатын.

Бақылау жұмысына «Aqiqat» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Ғабдуллин, "Аналар Үндестігі" үкіметтік емес ұйымы төрайымы Г.Биташева, аудан тұрғыны Қ.Теңелсін, аурухана басшысы А.Абдрахманов және "Кварц-Спец-Сервис" ЖШС мастері С.Мадиров қатысып, талқыланды.

bolnisa-1

Аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Қоғамдық бақылау жұмысы барысында бас мердігер «Кварц-Спец-Сервис» ЖШС-гімен емханаға жөндеу жұмыстарын жүргізу, абаттандыру, магистральдық жылу жүйесін ауыстыру жұмыстары бекітілген сметалық құжаттарға сәйкес шарт жасалғаны белгілі болды. Жөндеу жұмыстарына 325 068 740,64 теңге қаражат бөлінген.

bolnisa-2

Білгеніміздей, емхана қабырғаларының сөгіліп қирау қаупі туындауына орай, 29 тамыздан бастап күрделі жөндеу жұмыстары тоқтатылған. Бұл уақытта жөндеу жұмыстары 88% орындалған екен.

2020 жылдың қаңтар айында жөндеу жұмыстары қайта басталғанымен, карантинге орай қайта тоқтатылған. Кейін, қазан айының 28 жұлдызынан бастап жаңадан сметалық құжат жасақталып, жөндеу жұмыстары жалғасқан.

bolnisa

Қоғамдық бақылау жұмысы барысында арыз иесі Ғ.Ғабдуллин жөндеу жұмыстарына толық қанағаттанатынын, ешқандай талабы жоқ екенін жеткізді. Өз кезегінде "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі 6 қаңтар күні күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған аурухананың жұмысы талаптарға сай жүргізілгенін және құқық бұзушылықтар орын алмағанын атап өтті. 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT