Апта басында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.
Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, жауапты бөлім басшылары мен мүгедектегі бар жандар қатысты.
Кездесуді аудан әкімі Азамат Саматұлы ашып жүргізіп отырды.
Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжанар Тлесқызы аудандағы мүгедектігі бар жандармен жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Одан соң мүгедектігі бар жандар сөз алып, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, инватакси, пандус, спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру сынды бірқатар мәселелерін ортаға салды.
Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік көмек жөнінде сұрақтарын жолдады.
Аталған сауалдарға аудан әкімі және жауапты бөлім, мекеме басшылары заң аясында жауап берді.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы көтерілген мәселер хаттамаға енгізіліп, өз бақылауында болатындығын жеткізді.
Ә.ҚАСЫМ