"Атырау" спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан ҚР чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Оған Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ибрагимов Ринат, Атырау облысы бокс федерациясының Президенті Данбай Шухрат және Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ибраимов Ермахан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жарыстың ашылу салтанатында қатысушылар 1 минут үнсіздікпен танымал ринг анонсер, "Қазақстан Боксының алтын дауысы" Ажибаев Аман Ажибайұлын құрметпен еске алды.
Жалпы ел чемпионатында еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық былғары қолғап шеберлері 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайтын болады.
Спорттық шара санитарлық талаптарға сай онлай өтуде.