«Еркін сөз - 2021» шығармашылық байқауы жарияланды

(0 Votes)

Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды.

Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері   қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге.

Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Материалдар 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан болуы шарт. Оны Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына жолдау керек. (Call centre: + 7 775 166 8920;)

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.  Байқау комиссиясы  қабылданған  материалдарды   іріктеу барысында   оның объективтілігіне,  журналистің кәсіби шеберлігіне, мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсетуіне,  материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдарына, ұсынылған материалдардың қоғамға пайдалылығына назар аударады. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

«Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауының қорытындысы  2021 жылдың 19 шілдесінде жарияланады.

 Толық ақпарат үшін:   +7 775 166 8920.

 Анықтама:

Түркітілдес журналистер қоры  - 2014 жылы 11 қарашада құрылған.    Мақсаты  -  түркі әлемі мен қазақстандық журналистер арасындағы кәсіби  бірлігі мен білігін арттыру, ортақ жобалар жасау. Отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен журналистерге арналған семинар- тренингтер, вебинарлар, форумдар, шеберлік сабақтары, конференциялар, байқаулар ұйымдастыру. Қор жанынан  Әйел журналистер  Клубы , Медиа тренерлер мектебі мен Жас журналистер мектебі ашылған.

Halyk Bank (Қазақстан Халық Банкі) – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызмет және активтерді басқаруды қоса, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон Қор Биржасында және 2019 жылғы қазан айынан бастан Astana International Exchange-де листингісі бар. Республика бойынша ең ірі клиенттер базасы мен 613 филиал желісіне ие. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғыз елінде, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда қызмет етеді.

 

«Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауының Ережесі:

"ЕРКІН СӨЗ"-2021 - Түркітілдес журналистер қоры (ttjk.info)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT