Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын жалғастыруда

(0 Votes)

Аудан тұрғындарын «Nur Otan» партиясының қызметімен және сайлауалды бағдарламасымен толыққанды хабардар ету үшін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақыткүл Тиышбаева және Мереке Басанов «Есіктен есікке» акциясын жалғастыруда.

Үгіт-насихат жұмыстарын Бәйгетөбе ауылдық округіндегі баспаналардың бірінен бастаған үміткерлер «Қазақстанның басты 7 жетістігі», «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» тақырыбындағы үнпарақтарды үлестірді. Сондай-ақ, тұрғындармен жеке-жеке сөйлесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Акция барысында бас партия өкілдері мақаттықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды.

imgonline-com-ua-resize-s1iqf6msikg92pt
Жалпы «Есіктен-есікке» акциясы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, халықтың қажеттілігін үйіне барып тыңдауды мақсат етеді. Кездесу барысында тұрғындар сайлаудың өту барысын, дауыс беру нұсқаулықтарын сұрастырып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ал, үміткерлер халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.

imgonline-com-ua-resize-2qqmmmwlavv6vv

"Кездесулерде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясы өкілдеріне дауыс беруге шақырдық. Жалпы тұрғындардың пікірі өте жақсы. Олар бізге түсіністікпен қарап, сайлау күні учаскелерге келіп дауыс береміз деген пікірлерін білдірді", – дейді Б.Тиышбаева.

Үміткерлермен кездесу барысында тұрғындар алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді. Ал, аудан аумағында «Есіктен есікке» акциясы қаңтар айының басына дейін жалғаспақ.

М.Ізтұрғанова

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT