Атырауда өткен жылы 3 оқыс оқиға теміржол бойында орын алып, 1 адам оқиға орнында көз жұмды.
Осыған орай теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Мақат станциясынан өтетін жолаушылар поездарының поезд бастығы, жолсеріктермен кездесу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Мақат станциясының Желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аумағында кезекті 20-25 қыркүйек аралығында «Мүлдем төзбеушілік» акциясының 3-ші кезеңімен «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясының 2-ші кезеңі өткізілмек.
«Мақат кент тұрғындарын және қонақтарының назарына теміржол бойында теміржол ережелерін мұқият болуларын сұраймыз. Іс шараның басты мақсаты - құқық бұзушылық анықтау, болдыртпау, алдын алу болып табылады. Теміржолмен жүріп тұру ережелерін сақтамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559 бабы бойынша 3АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.», - делінген Желілік полиция бөлімшесінің хабарлауында.
Мақат ст. ЖПб-нің бастығы
полиция аға лейтенанты Е.С.Кулманов