Ассамблеяның 25 жылдығына арналған эстафета ауданға жетті

(1 Vote)

Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметті атқарып келе жатқан Конституциялық орган - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр.

1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болып, қазіргі таңда бұл үлгіні өзге мемлекеттер де жүзеге асыра бастады. Осы орайда елімізде этномәдени орталықтар, түрлі қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп, жүздеген этнос өкілдерінен құралған халқымыз тату-тәтті өмір сүруде.

eki

Бүгінде ауданымызда орыс, кәріс, татар, украин, неміс, өзбек, әзірбайжан, қарақалпақ, грузин этнос өкілдерінен құралған 600-ге жуық өзге ұлт өкілдері бірлікпен ғұмыр кешуде.

Мерекеге орай 28 ақпан күні Атырау қаласында өткен салтанатты шара барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан халық Ассамблеясының 25 жылдығына арналған шараларды өткізу эстафетасын Жылыой ауданына жолдаған болатын. Өкінішке орай, елімізде белең алған індетке байланысты жоспарланған шараны өткізуге тосқауыл қойылды.

tort

Дегенмен бүгінгі күні облыс аумағында жарияланған карантиннің жеңілдеуіне байланысты жоспарлы шараны жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

Апта басы дүйсенбі күні көршілес Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов бастаған делегация мерекелік эстафетаны жалғады. Бұл күні жылыойлықтар  ауданымызға келді.

aian

Мұнайлы өлкеге аяқ басқан жылыойлықтарды аудан және кент әкімдері құрметпен қарсы алып, аудан орталығына бастады.   

Аудандық мәдениет үйі алдында  қонақтарды жергілікті өнерпаздар Қадыр Мырзалиевтің «Қазақ осы» әнімен думандатып қарсы алды.

Мәдениет үйінің фойесінде орыс, башқұрт, ұйғыр, украин, өзбек, татар ұлттарының ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынылды.

ush

Мерекелік шарада  аудан әкімі Шәкір Кейкин құттықтап, ұлта­ра­лық татулықты ту етіп, қашан да ел­дегі тыныштықты сақтау басты мақ­сатымыз екендігін атап өтті.

Өз кезегінде осындай басқосулар  ауданаралық достықты нығайтатынын тілге тиек еткен Халел Жамалов «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» эстафетасын салтанатты түрде табыс етті.

Сонан соң аудан көркемөнерпаздары дайын­даған концерт тамашаланды. Кеш қонақтары Гүлжанар Нұрмағамбетова орындаған қырғыз әні «Жылқышыны» ерекше ықыласпен қабылдады. Эльвира Аманғалиеваның орындауындағы «Сайра, бұлбұл» татар әні тыңдарман қошеметіне бөленді.

segiz

«Шаттық» би тобы мың бұрала билеген «Ассамблея» биі кеш көркін қыздырды. Ал, шара соңын Бисембай Әкімгерейұлы Ескендір Хасанғалиевтың әуені мен әуезі жарасқан «Атамекен» әнімен қорытындылады.

jeti

Кең Жылыой ауданынан қабылданған эстафетаны мақаттықтар енді киелі Қызылқоға ауданына жеткізетін болады.

togyz

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл - еліміздің болашағының негізі.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT