banner_damu

Қаржыгерлер атаусыз қалмады

(0 Votes)

1993 жылы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта-теңге қаржы нарығында айналымға енді.

Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл теңгеміздің туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Төл теңгенің 25 жылдық мерейтойы ауданда да атаусыз қалмады. Дәл сол күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жиынға қаржы саласына қатысты бөлім, банк қызметкерлері, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.

Аудан басшысы еліміздің даму тарихында ұлттық валютаны айналымға енгізудің маңызды рөл атқаратындығын, валютаның бүкіл ел экономикасының қан тамыры екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Салтанатты жиын барысында ауданның қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала қызметкерлері облыстық қаржы басқармасының алғыс хатымен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика