«Әрекет» арқылы өз бизнесіңді баста!

(2 Votes)

Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілігімен өңірдегі жұмыссыз көпбалалы, жалғызбасты аналар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер және аз қамтылған отбасынан шыққан қыздарға кәсіби дағдыларды игеру мақсатында «Әрекет» жобасын жүзеге асырған болатын.

Осыған орай, өткен аптаның сейсенбісі күні кент әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Samruk-Kazyna Trust» қорының мамандары аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, оқу курстарын ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқыту аспаз, тігін ісі, шаштараз, кондитер, клининг секілді 5 бағыт бойынша өткізіледі.

img_4187

Кездесу барысында мамандар жоба түлектерінің 30%-ы жұмысқа орналасатынын, сондай-ақ, түлектердің 100%-на өз ісін бастау үшін тауар түрінде гранттар бөлінетіндігін және олардың кем дегенде 50%-на өз кәсібін ашуына мүмкіндік жасалатындығын айтып өтті.

Одан бөлек, жиынға қатысушы қыз-келіншектер мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісінше жауабын алды.

 

Ә.ҚАСЫМ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521