Апталық кітапқа арналды

(0 Votes)

Аудандық балалар кітапханасының Коворкинг орталығы өздерінің кішкентай оқырмандарына жыл сайын 2 сәуірде халықаралық балалар кітабы күнін апталық ретінде атап өткізуді дәстүрге айналдырған.

Апталық «Кітап -сарқылмас рухани әлем» тақырыбындағы ашық есік күнімен ашылды. «Ертегі - тәрбие берудегі ізгіліктің бастауы» атты ертегілерге шолу, «Оқылмаған кітаптар әлемі» тақырыбымен экскурсия жұмыс жасады.

Ал, «Кітап патшалығы» ақпараттық сағатында кітапханашы А.Қылышева «Кітап -жұмбақ әлемі», «Ойлан да, жауабын бер», «Бәріміз бірге табайық», атты ойындарға балалара белсене қатысты.

Шара соңында кітапханашылар балақайларға кітапханаға ересектермен келіп, жазылып, кітаптарды үйлеріне апарып оқуға болатындығын түсіндірді.

«Мерейтой иелерінің кітаптарын ұсынамыз» тақырыбымен өткен көрме таныстықта оқырманға Ж.Аймауытовтың 130 жылдығы, Б.Майлиннің 125 жылдығы, қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың 125 жылдығы, Ә.Кекілбаевтың және Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына және тағы басқа да әр шығармаларында өз мінезі, өз тағдыры бар, өз оқырманын тапқан ақын –жазушылардың шығармалары насихатталды. «Біздің сүйікті жазушыларымыз» , «Мейірімді ертегіші» тақырыбындағы атаулы күні балаларға әдеби викторина өткізілді.

Шара соңында кішкентай оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасап, мультфильмдер тамашалады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521