Аналарға құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Көктемнің шуағын ала келетін халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев аудандағы бір топ ардагер аналарды қабылдап, құрмет көрсетті.

Мерекелік дастархан мәзірі мен көктемнің гүлін жайнатқан жиында көпбалалы аналар, алтын, күміс алқа иелері, аудандағы әр салада ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан аналар ерекше ілтипатқа бөленді.

Еркін форматта ұйымдастырылған жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, аппарат жетекшісі Оксана Айкашева қатысып, аналарға қолдау көрсетті.

Жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерғазы Жоламанов, Доссор кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев аналарға арнаған құттықтау-тілектерін сабақтап, қоғамдағы гендерлік саясат аясында жасалып жатырған жұмыстар, әйел азаматтарға деген мемлекеттің қолдауы бағытында ойларымен бөлісті.

Толығырақ газетіміздің №10 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521