Әлихан облыс намысын қорғайды

(0 Votes)

Жақында Исатай ауданында бокстан 2009-2010 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Атырау облысының іріктеу чемпионаты өткен болатын.

Аталмыш жарысқа 13 команда, 250 спортшы қатысып, 15 саламақ дәрежесі бойынша өз ара мықтыларды анықтаған болатын.

Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 7 жас боксшы жарысқа қатысып, үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Шыңғыс Асылбекұлы І орын, Әлихан Қанатұлы ІІ орын, Әбілмансұр Алдаберген ІІІ орын иеленді.

«Жүлдеге ие болғандардың үшеуі де 2009 жылы туған балалар. Ал жеңіске жете алмай қалған төрт спортшы 2010 жылы туған жасөспірімдер. Бұл олардың алғашқы қатысып тұрған іріктеу чемпионаты»,- дейді бапкер П.Құлмұқанов.

Ақпан айының 28-і мен наурыз айының 5-і аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында өтетін ҚР Батыс аймақтық республикалық чемпионатында Атырау облысының атынан Әлихан Қанатұлы 40 кг салмақ бойынша облыс намысын қорғайтын болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT