Алдын алған маңызды!

Алдын алған маңызды!
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Қазіргі таңда, облыс көлеміндегі ең ахуалды мәселердің бірі жаз айы мезгіліндегі орман және дала өрттерінің қауіпсіздігін сақтау болып отыр.

Бұл ұғымға барлық орман өрттері, дала және егін алқаптарындағы өрттері жатады, олардың барысында өсімдіктер, троф және басқа да жаңғыш қазба байлықтары бақылаусыз жанып жатады. Орман өрттері ағаш шіліктерді, орманда әзірленген өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды жояды. Өрттің 80% халықтың еңбек ету және демалу орындарында отпен абайсыз болуынан және орманда жарамсыз техниканы қолданудан туындайды. Дала өрттері сырттан келген себептерден туындайды, себебі ағаштардың арасында оттың шығу көзі жоқ. Кейде кездейсоқ найзағай тиеді, алайда көбінесе адамдар себепкер болып жатады.

Дала өрттерінің пайда болуына бірден-бір себеп, ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауы, күннің аптап ыстықтары мен желдің қатты соғуы және адамдардың от ошағын сөндірмеулері салдарынан болады.

Дала өрттеріне жол бермеу үшін далада отты барынша сақтықпен қолданып және бұны басқалардан да талап ету керек.

Өрт қаупі кезеңінде далада от жақпаңыздар, сөндірілмеген темекі тұқылдарын және сіреңкелерді тастамаңыздар!

Сондай-ақ, демалушы азаматтардың қаперіне, өздері демалыс ұйымдастырған жерлерде тазалық сақтау, жағылған от көздерін сөндіру, яғни қайтар мезгілінде оттың сөндірілгеніне сенімді болу керек.

Құрметті кент тұрғындары! Далалық өлкелерде өрт тұтануларды байқағанда кент, ауылдық округ әкімдіктеріне немесе (112, 101 байланыс телефонына) өрт сөндіру қызметіне уақытылы хабарлау қажет.

Мақат кенті әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT