ӨРТ СӨНДІРГЕН ӨРЕНДЕР

ӨРТ СӨНДІРГЕН ӨРЕНДЕР
Суретті түсірген: Б.Асхатқызы
(0 Votes)

Жақында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкиннің қатысуымен аудан көлемінде дала өрттерінің алдын-алу және жою мақсатында ерікті өрт сөндіру жасақтары мен аудандық мекемелердің күш-құралдары жұмылдырылған оқу жаттығу жиыны өтті. 

Жалпы, оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты - аудан көлемінде, әсіресе далалық жерлерде орын алатын ықтимал өрт пайда болған кезеңде, ерікті өрт сөндіру жасақтарының және аудандық мекемелердің дайындық деңгейін пысықтау болды.

Саптық жиын барысында алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Орынбасарұлы азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдады.

Одан әрі оқу-жаттығудың тактикалық жоспары бойынша арнайы дайындалған жерге өрт қойылды. Дабыл соғылып, белгілі аймақта өрт оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар берілді. №8 Өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің кезекші радиотелефонисі өрт туралы хабарды алғаннан кейін басшы құрамға және ауданның барлық өңірлік маңызы бар қызметтеріне шұғыл хабар берді. Алдымен ауданның ерікті өрт сөндіру жасақтары арнайы өрт сөндіру құралдарымен келіп, өртті сөндіруге тырысты. Ерікті өрт сөндіру жасағының бір мүшесі түтіннен тұншығып, жедел-жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әрі қарай тілсіз жау бағыт алған алаңды арнайы өрт сөндіру мамандары өртті дер кезінде ауыздықтады. Көзді ашып-жұмғанша сақадай сай техника апаттың алдын алды.

Айта кетейік, аталған оқу-жаттығу жиынына 21 мекеме, 60 адам, 12 арнайы техника жұмылдырылған болатын.

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT