Өрт қаупінен сақтану кезеңінде аудан аумағында дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілген болатын.
Аталған жоспарды іске асыру мақсатында аудан әкімімен өрт қауіпті маусымында дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөнінде мобильді топ құрылды. Топтың құрамына аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті полиция, ауыл шаруашылығы бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енді.
Жуырда аталған мобильді топ ауданға қарасты шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Шара барысында шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт сөндіру тәсілдері түсіндірілді.
Аудандық Төтенше жағдай бөлімі