Ала жылқыны құрбандыққа шалды

(0 Votes)

Әлемді алаңдатқан пандемияның салдары халықты әуре-сарсаңға салып, денсаулықтарына орасан нұқсан келтіруде.

Дерттен аман шығып, қалыпты өмірге араласу үшін медицина саласының мамандарына жүгінген халық Аллаға құлшылық етіп, сауапты іспен айналысуды да ұмыт қалдырмады.

Аптаның сәрсенбісінде Бәйгетөбе халқы жиналып, ала жылқыны құрбандыққа сатып алды.

6a9adb01-af90-4b7f-a6de-cef8ec9c67fb

Оны барша ауыл ақсақалдары жиналып, алдағы жақсы өмірге ниет етіп, сойып, ауылдың жалғызілікті, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 40 отбасына таратты.
Жиналған көптің алдында барша атсалысқан азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірген Ерғазы Жоламанов алдағы күннен үміті зор бәйгетөбеліктерге мықты денсаулық, бас амандығын тіледі.

d580267c-d399-4f85-adce-a46d3445c98f

Бар шаруаның басы-қасынан табылған ауыл еріктілері мен белсенділері ұйымдасқан түрде шаруаны үйлестіріп, ауылдастарына сыбағаларын үлестірді.

Бәйгетөбеліктер жылқының ыстық сорпасымен дерт әлсіреткен ағзаны сөйтіп демемекші. Бірлігі жарасты ауылдың үміті ақталып, сырқатты жеңеріне біз де сенеміз.

Е.МЫРЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521