Депутаттар оттегі концентратын сыйлады

(0 Votes)

Күні бүгін халық қалаулылары ауданымыздың орталық ауруханасына екі оттегі концентратын сыйлады.

Ауыр дертті жеңіп шығу үшін отандастарымыз қолда бар мүмкіндікті жасап қалуға тырысып бағуда.

Облыстық мәслихат басшылығының ұйымдастыруымен бүгін ауданымыздан сайланған қос депутаттарымыз Серік Идранов және Ерсайын Ихсанов арнайы ауданымызға келіп, аудандық орталық аурухананың директоры Батырбек Оңдасыновқа оттегі концентратын табыс етті.

-Халықтың басына түскен қиын жағдайды көре тұрып, бей-жай қала алмадық. Бастысы, отандастарымыздың осы дерттен аман шығуы. Бұл Түркия елінен арнайы алдырылған құрылғы. Бұл – біздің ақ ниетмізбен ұсынған аз ғана көмегіміз деп ұғыныңыздар.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз. Олардың қарусыз майданнан аман-есен шығуына тілектеспіз. Азаматтарымыз аман, еліміз тыныш болсын, -деген Е.Ихсановтың ақ тілегін қабыл алған аурухана директоры Батырбек Оңдасынов:

«Елімізде осындай жандардың барына көп рахмет. Қол ұшын созып, бізге демеу болған Атырау облыстық мәслихат депутаттары Серік Идранов және Ерсайын Ихсанов мырзаға ауданның медицина саласының қызметкерлері атынан алғысымызды білдіреміз. Оттегі концентраторының індетке шалдыққан азаматтардың тезірек сауығып, отбасына аман-есен оралуына септігі тиеріне сенеміз», - деді Батырбек Саламатұлы.

Е.МЫРЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521