Айтылмай келген ақиқат

(0 Votes)

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету үшін  аудандық мәдениет үйі мен орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Айтылмай келген ақиқат» атты кездесу кеші өтті.

Ауған соғысының тарихының мағыналық ақиқатын ашу, жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, оқушыларға Ауған  соғысы жайлы толық мәлімет беру шараның мақсаты болды.

biblioteka-2

Шараға  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, ауданның «Құрметті азаматы» Қаби Талпақов,  ауған соғысының ардагерлері Тағабергенов Кенжебай мен Руслан Тулегенов, оқушылар мен теміржолшылар қатысты.

b

Кеште аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов ауған соғысы жөнінде мәлімет беріп, ауданнан аттанған жауынгерлер туралы айтып кетсе, ардагер Қ.Талпақов болашақта мұндай соғыстар болмасын деген ізгі тілегін білдірді.

biblioteka-4

Ауған соғысында болған батырларымыз соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып , қатысушылармен әсерлі әңгіме жүргізді.

Сондай-ақ, кеш барысында бейнеролик көрсетіліп, аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен ұласты.

biblioteka-5

Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева ризашылығын білдіріп, туған жерден сыр шертетін «Ауылым-алтын бесігім» атты кітапты сыйға тартты.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521