Ентігіп емделіп жатқандар жоқ

(0 Votes)

Қарқынды жұмыс пен қатаң талаптың ақыры нәтижесіз қалмады. 30 қыркүйекте келіп жеткен мәліметке сүйенсек аудан бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы рет 18 қыркүйекте 1 науқас тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек  ауданда жалпы коронавирустың - 284 жағдайы орын алған.  Соның ішінде Мақат кентінде - 140 жағдай, Доссор кенті – 139 жағдай, Бәйгетөбе ауылдық округі – 5 жағдай. Ал, жақын қарым-қатынаста болған адам саны - 1087. Еңсесі тіктеліп, емделіп шыққандар - 284 адамды құраса (Мақат -143, Доссор -136). Көңіл құлазытып арамыздан арғы өмірге аттанғандардың саны – 5 адам (COVID-19).

Бір қуантарлығы бүгінде аудандық ауруханалардың провизорлық стационарлары жабылды. Сондай-ақ инфекциялық бөлімде ентігіп ем іздеп жатқан бір науқас жоқ, бұндағылар тек өзге аурулар бойынша сырқаттанған.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT