Бүгін Мақат ауданының 100 жылдығы қарсаңында Мақат кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріліп, көптеген отбасы шаттыққа бөленді.
Салтанатты сәтте аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин, аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов тұрғындарға жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады. Тұрғындар да қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға өз алғыстарын жеткізді.
Әрі қарай салтанатты түрде лента қию рәсімі аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Орынбасарұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновке жолданды.
Айта кетейік, «Бейбітшілік» көшесінде орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үй көпбалалы отбасы, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметшілер және бюджет ұйым қызметкерлері мен жалғыз үйі Қ.Р. заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.
Әсем ҚАСЫМ