Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері марапатталды
Сурет автордікі
(0 Votes)

Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай «Мақат тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің ұжымын қабылдады. 

Ол ұжым қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай келе, қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистика саласы үлкен жүрек пен табандылықты талап ететіндігін айтты.

Сөз соңында ол, мемлекеттік саясатты іске асыруға қосқан үлестері үшін сала мамандарына аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен гүл шоқтарын табыс етті.

Осы ретте редакция ұжымы атынан сөз алған газеттің бас редакторы Ержан Ізниұлы аудан әкімдігіне өз алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521