АУДАНДА ТАЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

(0 Votes)

 Ауданда көгалдандыру жұмыстары аясында ауқымды шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

 Бұл іс-шаралар ауданымыздың көркеюіне ерекше серпін беріп, тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастырады.

Осы ретте бүгін Мақат кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді.

Туған өлкені көркейтіп, жасыл желекке айналдыру мақсатында өткен шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан әкімінің орынбасарлары мен кент, округ әкімдері қатысты.

Шара аясында егілген көшеттер саябақтың көркіне көрік қосып ғана қоймай, экологияны жақсартуға септігін тигізбек.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT