15 отбасын қуантты

(0 Votes)
фото: Әнуар Теңдібай

 Елімізде жүрегі жылылыққа толы, қайырымды жандардың қатары баршылық. Мұқтаж жандарға қамқор болуды мақсат тұтқан сол жандар арқылы бүгінде ауданымызда көптеген қайырымдылық шаралары жүзеге асып келеді. 

Осы ретте «әр жұма 500 теңге» акциясы аясында Республика күніне орай аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен аз қамтылған 15 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

«Жалпы, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру бізде дәстүрге айналып келеді. Мұндағы басты мақсат – тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға көмектесу. Ал оларға әрдайым қолымыздан келгенше қол ұшын беру, олардың мерейін үстем ету – ең алдымен біздің азаматтық борышымыз», - дейді акция ұйымдастырушысы Әнуар Теңдібай.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521