Аудандық кітапханада патриоттық кеш өтті

(0 Votes)

 Республика күніне орай аудандық орталық кітапханада «Қазақ елі - менің Отаным» атты патриоттық кеш өтті. 

Аталған кеш оқырмандарға туған жерін, елін сүюді, патриоттық сезімдерін оятуды мақсат етті.

Шара барысында кітапхана қызметкері Гаухар Ишанғалиева қатысушыларды мерекемен құттықтап, еліміздің тарихын, даму жолын айтып өтті. Сондай-ақ оқырмандарға аталған тақырыпта арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, өлең жолдарын жатқа оқыды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT