banner_damu

120 мыңнан астам атыраулық бүлдіршін лагерьде демалады

(0 Votes)

Балалардың жазғы демалысына қатысты маңызды сауалдарға Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жалпы, биыл өңірде жазғы демалыспен 128 208 баланы қамту жоспарланып отыр. Ал, мектеп жанындағы тамақпен қамтитын және шипажай үлгісіндегі 166 лагерьде 7-14 жас аралығындағы 12 115 бала демалады. Пандемияға байланысты, Ресейдің Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» лагеріне әзірге рұқсат жоқ. Сондықтан, 2488 бала Атырау қаласының сыртындағы «Бесікті», Индердегі «Жас өркен» және Махамбеттегі Арай лагерінде тынығады. Балаларға жолдама бөлу кезінде жергілікті емханалардан тегін ПТР-сынақ ұйымдастырылды. Ең басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі. Мақсат – оларды ата-анасына аман-есен тапсыру. Әсіресе, су мен от секілді «тілсіз жаулардың» алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деген спикер жазғы демалыс өңірдің бас мемлекеттік сандәрігерінің қаулысы негізінде жүзеге асатынын қаперге берді.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика