Жастарға енжарлық жараспайды

(0 Votes)

Жастарға әркім үлкен үмітпен, зор сүйсініспен, тіпті, қызығушылықпен қарайды. Оларды болашақтың алтын тұтқасы деп санап, ұлттық құндылықтардың мұрагері деп сенім жүктейді.

Сол жастардың қазіргі дәуренінің, яғни, жастық шағының да қоғам үшін елеулі маңызы бар. Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев төрағалық етті.

Күн тәртібінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жастармен атқарған жұмысы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалысы, «Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінің жастармен атқарған жұмыстары туралы, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың денсаулық жағдайы (өкпе аурулары, нашақорлық және маскүнемдік, АИТВ/ЖИТС көрсеткіштер т.б.) туралы және жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары қаралды.

«Жастық - даналық дәнін жинау үшін, қарттық - соны жұмсау үшін берілетін шақ» демекші, жас кезінде берілген білім мен тәрбиенің орны бөлек. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Ермеков жыл бойына жастармен өткізілген шараларды тізбектеп, оған қатысқан жастардың статистикасына тоқталды. Мәдени шаралардың жастарды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, сондай-ақ, адамгершілік рухани құнды­лықтарын дамытуға баулуға, жастардың оқу-білім алуға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырған шаралары бүгінде газетіміздің әр санында, әлеуметтік желілерден де орын алып келеді. Дәстүлі мәдениетіміздің рухани және материалдық құндылықтарын білуге шақырған шаралар әрқашан жастар ресурстық орталығымен бірлесе жүзеге асып келеді.

Келесі кезекте «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жастарды қолдау мақсатындағы шараларды атаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Света Сарбалиеваға отырыс төрағасы бағдарламаны түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мәселесін алға тартты. Әсіресе, әлеуметтік желілерде бағдарлама талабы, негізгі қажетті құжаттар жөнінде мәлімет берілсе деген ұсыныс берді. Жылдың соңғы отырысында келер жылға жоспар құрып, жаңа жұмыстарға жоба жасалатын белгілі. Осы ретте жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстары туралы баяндаған аудандық орталық емхананың дәрігері Ержан Сартаев нашақорлық және маскүнемдіктің алдын алу бағытындағы жұмыстарды белсендірек әрі өзге форматта ұйымдастыру жөнінде ұсыныс етілді.

-Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық. Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішінде де, әлемде де, соның ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас саласында да жұмыс жасайтын бір ғана қағида бар, ол – бәсекелестіктің мәңгілік механизмі, – деген еді Елбасымыз.

Олай болса, бәсекелестік жоқ жерде даму болмайтынын жастар да ұғынуы қажет. Бір ғана қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер жөнінде айтқанның өзінде «Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінен өзге ұйымның жоқтығы көп ретте мемлекеттік тапсырыс деңгейінде жүргізілетін шаралардың әлеуетті қатысушы жоқтығынан өтпей жататыны тағы бар.

Елбасымыз келер жылды жастар жылы деп атады. Үлкен де, кіші де, келер жылы жастардың мүмкіндікті дұрыс әрі ұсынықты пайдаланып қалуын күтеді. Сондықтан, «бізге кім не береді?» дегеннен гөрі, «бізде ұсыныс бар, жігер бар» деп қабылданған жалынды жобалардың көп болғанын күтеді. Комиссия мүшелері тарапынан келер жылға бірқатар ұсыныстар берілді. Отырысты қорытындылған Н.Ерғалиев келер жылға жоспарланған іс-шаралар жоспарын қайта нақтылауды тапсырды.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT