Жанбайлық шаруагер күздік қара бидай егуді қолға алды

Жанбайлық шаруагер күздік қара бидай егуді қолға алды
(0 Votes)

Биыл ауданымыз бойынша Жанбай ауылында алғаш рет күздік бидай егіліп бастады.Осы орайда, сейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуандық Мағазов бастаған топ өкілдері аталған ауылға ат басын бұрып, егін алқабының жұмыс барысымен танысып қайтты. 

Жанбайлық шаруагер Қайрат Шонанов ауылдың 5-6 шақырым күнбатыс беті маңайында 100 гектар егін алқабын алған.Оның 60 гектары күреліп,өңделген болса, әзірше 30 гектар жеріне күздік қара бидай егіп жатыр.

Ол туралы біздер "Қайрат" шаруақожалық иесінің өзінен сұрап, сөзге тартқан едік.

-Күздік қара бидай астық тұқымдастарына жатады. Бұл дақыл негізінен тағамдық, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Ал, мен мал азығы ретінде өсіріп, пайдасын көрсем деймін.

Жалпы күздік қара бидай тез өседі, қысқы аязға төзімді, көктемде ерте көк балауса беруімен ерекшеленді. Дәнді дақылды Ақтөбеден, тракторды Оралдан, дән дақыл егетін арнайы тіркеме құралды Қостанай облыстарынан алдырттым.Бұл қара бидай үнемі суарып тұруды қажет етпейді.Топырақ бойында ылғалдық болса яғни жаңбыр, қар суына өсіп шыға береді.Ауа райына қарасам, жауын-шашын жиірек болып тұрады.Тек қысымыз қаһарына мініп, үсіріп жібермесе болғаны.Биылға тек жарты гектар жерге өсіріп,қалай шығатынын байқап қарасам ба деймін. Бәрі жақсы болып жатса, әрі қарай қолға алатын боламын.Бұйырса, шамамен сәуір-мамыр айларында нәтижесін көрсетсе деп болжап отырмын,-дейді ол сөзін аяқтап.

Айта кетейік, жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша мал қыстағына қажетті 81,2 мың тонна мал азығының 73,4 мың тоннасы дайындалды.Жалпы аудан бойынша 90,4% құрайды.Ал біздің кейіпкеріміз күз айында қара бидай егіп, көктем айында пайдасын көруді көздейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT