Құрманғазыда «ATYRAU QUIZ» іріктеу ойыны өтті

Құрманғазыда «ATYRAU QUIZ» іріктеу ойыны өтті
(0 Votes)

Республика күніне орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен «Atyrau Intellectual Youth» аясында Құрманғазы ауданында «ATYRAU QUIZ» іріктеу ойыны өтті.

Жобаның мақсаты – Атырау облысында зияткерлік ойындарды дамытуға және насихаттауға бағытталған 14-35 жас аралығындағы жастар арасында іс-шаралар сериясын ұйымдастыру. «Көңіл сазы» мейрамханасында өткен куиз ойынына ауданымыздан 15 команда қатысып, шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын алты кезеңнен тұрды. Үш кезеңнен кейінгі үзілісте командалардың ұпайлары есептеліп өздеріне жария етілді.

Нәтижесінде Нұржау ауылдық округінің жастарынан құралған «Смарт» командасы жеңімпаз атанса, аудандық мәдениет үйінің жас қызметкерлері «Мәдениет» командасы ІІ орынды қанжығаларына байлады. ІІІ орынды Сафон ауылдық округінің «Старт» командасы иеленді. Қалған командаларға алғыс хат табысталды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған үздік команда іріктеліп, Атырау қаласында өтетін финалдық ойынға жолдама алды.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521