Зейнетақы өсімі ол қалай есептеледі?

(0 Votes)

2019 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының негізгі мөлшері 7 пайызға арттырылады.

 Айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 2525 теңге.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36108 теңге.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16037 теңге.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең жоғарғы мөлшері – 29698 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 29698 теңге.

Ең төменгі табыс мөлшері – 42500 теңге.

Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін алынатын табыстың ең көп мөлшері 116150 теңге ( 2525 х 46 айлық есептік көрсеткіш).

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтіл ер адам үшін - 25 жыл, әйелдер үшін - 20 жыл, сонымен қатар 3 жылдың жалақы туралы табысының мөлшері жеткілікті болған жағдайда, зейнетақы мөлшерінің толық көлемдегі мөлшері 69690 теңге (116150 теңгенің 60 пайызы), осыған 29698 теңге базалық зейнетақы төлемді (еңбек өтілі 33 жыл болған жағдайда) қосқанда барлығы 99388 теңге болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 28284 теңгеден 29698 теңге болып өзгеруіне байланысты, барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері де өзгертіледі.

Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты

1 топ үшін - 57021 теңге (2018 жылы - 54306 теңге),

2 топ үшін - 45438 теңге (2018 жылы - 43275 теңге),

3 топ үшін - 30886 теңге (2018 жылы - 29416 теңге).

Бала кезінен мүгедектігіне байланысты

1 топ үшін - 57021 теңге (2018 жылы - 54306 теңге),

2 топ үшін - 47220 теңге (2018 жылы - 44972 теңге),

3 топ үшін - 35638 теңге (2018 жылы - 33941 теңге).

Ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балдарға берілетін жәрдемақы мөлшері – 41578 теңге болады. (2018 жылы - 39598 теңге)

Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлері

1 еңбекке жарамсыз жанұяға – 25541 теңге (2018 жылы - 24325 теңге),

2 еңбекке жарамсыз жанұяға - 44251теңге (2018 жылы - 42144 теңге),

3 еңбекке жарамсыз жанұяға – 54942 теңге (2018 жылы - 52325 теңге),

4 еңбекке жарамсыз жанұяға – 58209 теңге 2018 жылы - (55437 теңге),

5 еңбекке жарамсыз жанұяға - 60287 теңге (2018 жылы - 57414 теңге),

6 және одан көп еңбекке жарамсыз жанұяға - 62663 теңге (2018 жылы - 59680 теңге).

1 тұлдыр жетім балаға - 35044 теңге (2018 жылы - 33376 теңге),

2 тұлдыр жетім балаға – 70088 теңге (2018 жылы - 66750 теңге),

3 тұлдыр жетім балаға – 105131 теңге (2018 жылы - 100126 теңге),

4 тұлдыр жетім балаға – 140175 теңге (2018 жылы - 133500 теңге),

5 тұлдыр жетім балаға – 175219 теңге (2018 жылы - 166876 теңге).

Айлық есептік көрсеткіштің 2405 теңгеден 2525 теңге болып өзгеруіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерлері де өзгереді:

ҰО соғысына қатысушылары мен мүгедектерге - 40400 теңгеге (2018 жылы - 38480 теңге),

ҰО соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге - 19064 теңге (2018 жылы - 18158 теңге).

ҰО соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге - 15630 теңге (2018 жылы - 14887 теңге),

Тылда еңбек еткендерге - 5379 теңге (2018 жылы - 5123 теңге),

I, II топ мүгедектеріне - 3763 теңге (2018 жылы - 3584 теңге),

III топ мүгедектеріне – 1616 теңге (2018 жылы - 1540 теңге),

«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталғандарға 16160 теңге (2018 жылы - 15392 теңге).

Ал көп балалы отбасыларына - 10504 теңгеге (2018 жылы - 10005 теңге) өсіріледі.

Осылармен қатар бала 1 жасқа жеткенше күтіммен отырған аналарға:

Бірінші балаға 14544 теңге (2018 жылы - 13853 теңге)

Екінші балаға 17196 теңге (2018 жылы - 16379 теңге)

Үшінші балаға 19822 теңге (2018 жылы - 18880 теңге )

Төртінші және одан да көп балаға 22473 теңге (2018 жылы - 21405 теңге)

Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері - 95950 теңге (2018 жылы - 91390 теңге),

Ал төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері - 159075 теңге (2018 жылы - 151515 теңге).

18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және 18 жастан асқан бала кезінен 1 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 31183 теңге болады (2018 жылы - 29699 теңге).

Кұрманай ҚАЛИЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT