Ұлық мереке ұлығыланды

(0 Votes)

Иісі мұсылман баласы  үшін ұлық болған екі мерекенің бірі - Құрбан айт.

Дәл осы күні мерекелік көңіл күйді сезініп, бір-бірімізге сыйлық тарту ету абзал амалдардың бірі болып саналады. Әсіресе бүлдіршіндеріміз үшін  бұл күн асыға күтетін мерекеге айналса қандай керемет."Берсең балаға бер" демейді ме?! Мақат аудандық орталық мешіті айт күндері балаларға тәтті қоржын таратуды жақсы үрдіске айналдырған еді. Бұл жолы да  мешіттің ұйымдастырған бастамасына аудан тұрғындары қолдау танытып  750 дана "Құрбан айт құтты болсын!" қорапшасы балаларға сыйлық ретінде таратылды.          

Сонымен қатар айтымыздың  алғашқы күні-ақ мешіт жамағаты бес сиыр, жиырмаға жуық қойды құрбандыққа шалып, мұқтаж отбасыларға таратты. Бас иманның айтуынша жақсылық жалғасын таба бермек.

Айттан айтқа аман есен жетейік ағайын!

А.САДЫКОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521