Мұнайшылар үй сыйлады

(0 Votes)

Елорда мерекесі күніне орай Доссор кентінде  әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасы баспаналы болды. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Доссормұнайгаз» ұжымының қолдауымен Әсетовтар отбасы қоныс тойын тойлады.

Жалғызбасты Айнұр Кенжеғалиқызы үш баланың анасы. Біраз жылдан бері үй жалдап, тұрмыс тауқыметін тартып келеді. Тұрақты жұмысының болмауына байланысты соңғы уақытта жалдап жүрген үйінің ақысын төлеу қиындық тудырған. Қазіргі уақытта бұл отбасыға түсетін табыс көзі жоқ. Ал, мемлекеттен жәрдемақы алу үшін, тұрғылықты тіркелген мекен-жайының болмауы кедергі. Осылайша жалғыз басты ана «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қабылдау бөлмесіне барып көмек сұрайды. Өтініш иесінің мәселесін егжей-тегжейлі тыңдап, толыққанды зерделеген аудандық мәслихат депутаты, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның басшысы Серік Әбдиев бұл отбасыға қуаныш сыйлауды ұйғарған.

“Елорда күні мерекесіне орай бір отбасыға пәтер кілтін табыстап жатырмыз. Іші бақытқа толы болсын дейміз. Біріншіден, әрине өз әріптестеріме, мұнайшылар қауымына өз алғысымды білдіремін. «Ембімұнайгаз» АҚ дәстүрлі түрде әр жыл сайын қайырымдылық шарасын өткізеді. Алдығы уақытта да дәстүрлі істеріміз жалғасады деген сенімдемін”,- деді «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы С.Әбдиев.

791b55d1-4ed5-48a0-a5c5-d90ba62635bc

Баспана кілтін тапсыру сәтінде қазақы дәстүрмен шашу шашылып, қонақтар ақ пен бауырсақтан ауыз тиді. Күні бүгінге дейін үй жалдап, көшіп-қонып жүрген отбасының балаларының қуанышында шек жоқ. Қоныстой иелері мұндай тосын сыйды күтпесе керек, атымтай жомарт азаматтарға дән риза.

“Біз бүгін баспаналы болып жатырмыз, алғысым шексіз. Ел ағаларына тек өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз. Қуаныштан қуаныштың көз жасы болып жатыр”,- деді А.Әсетова.

“Доссормұнайгаз” басқармасының бұған дейін жасаған игі істері аз емес. Жергілікті мекеменің адам тағдырына алаңдаушылық танытып, қолдау көрсетуі әлеуметтік жауапкершілікті абыроймен атқарып жүргенінің нақты айғағы.

 

Мөлдір Ізтұрғанова

Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521