Биылғы Ұлттық құрылтай ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды мәселелерді талқылауға арналды. Мемлекет басшысының Құрылтай отырысындағы сөзі жан-жақты мәселелерді тұтас қамтыған және өте ауқымды болды. Себебі Президент сөзінде қоғам өмірінің барлық салалары – экономика мен әлеуметтік саясаттан бастап қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік дамуына дейінгі мәселелер қамтылды. Ағымдағы жағдайды терең талдау, нақты міндеттерді белгілеу мен тапсырмалар беру жағынан Президент сөзін жыл сайынғы Жолдаумен пара-пар деп атауға болады.
Сонымен қатар, Қазақ мәдениеті өзінің дәстүрімен, өнерімен және философиясымен әлемдік мәдени мұраны байыта отырып, оның ажырамас бөлігі болып табылады. Өзінің бірегей тарихымен, көшпелі өмір салтымен, түрлі өркениеттермен өзара байланысының және сақталған өзіндік құндылықтарының арқасында қазақ мәдениеті бүкіл әлемде әрқашан қызығушылық танытады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Конфуций, Гете, Сервантес институтының моделі бойынша Қытайда, Түркияда, Моңғолияда және басқа елдерде толыққанды мәдени-ағарту орталықтары бар мекеме ретінде Абай институты ашылады. Жобаны жүзеге асыру ұлы қазақ ойшылының туғанына 180 жыл толуына орай жоспарланған. Айта кету керек, бұл жоба 5 жыл бұрын басталған (бастаманы Президент Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында айтқан болатын), алайда бұл жоба әзірге цифрлық платформа форматында іске асырылды. Және де көптеген мәселелерге ден қойылые, жан-жақты қаралды.
Осылайша, биылғы Ұлттық құрылтай ел болашағына қатысты нақты шешімдер қабылданып, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағыттары айқындалған маңызды алаң болды. А.Байғалиева, махамбет аудандық мәслихат депутаты