Ұлттық Банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

Ұлттық Банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. 

Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары туралы

Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы және Алтын Орда атанған Жошы ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстанның мәдени мұрас ының бір бөлігі саналатын Жошы хан кесенесі орналасқан.

Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авт оры –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист- суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж о рналасқан.

Монеталар:

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана; Номиналы 5 000 теңгелік монетаның бейнесі

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана; Номиналы 2 000 теңгелік монетаның бейнесі

– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі

– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521