Көктем мезгілінің алғашқы күндерінен бастап аудан аумағында Қайырымдылық керуені бастау алған болатын. Мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді мақсат еткен акция бүгінгі күні сәрсенбіден-сәрсенбіге дейін апта сайын жалғасын тауып келеді. Тұрғындарға азық-түлікпен қатар өзге де көмектер көрсетіліп, қолы ашық жомарт жандардың игі істерін насихаттау - акцияның басты мақсаты.
Аталмаш игі іске өз бастамасымен қолдау жасап жүрген жерлесіміз Мейірімгүл Имақашева балаларға ағылшын тілін тегін оқытуды қолға алып, бүгінде шет тілін үйренуге ниет білдірген оқушыларды өз үйірмесіне қосуда. Бір қуантарлығы сол, бүгінде бұл тегін үйірмеге қызығушылық танытқандар қатары артып келеді. Оқушылардың саны алғашқыда 10 болса, бүгінде олардың қатары 20-ға жуықтады.
Оқытушы Мейірімгүл Қуанышқызы алдымен балалардың деңгейіне сай оларды екі ауысымға топ-топқа бөлді. Үйірме жұмысы санитарлық талаптарға сай жүргізілуде.
Осы орайда жас болса да, қайырымдылыққа ат салысып, игі іс жасап жүрген жерлестеріміз көп болғай дегіміз келеді.
Ж.Жұмағалиева,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы