Теңіз кенішіне жұмысшыларды дайындау басталды

(0 Votes)

5 қыркүйекте «АРЕС Petrotecnic» колледжінде 6 мамандық бойынша үш айлық курстан өтуге кандидаттарды іріктеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетейік, 28 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Тенгизшевройл» ЖШС басшылығы арасындағы аймақтың 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелер бойынша кездесуінде Атырау облысы халқын жұмыспен қамту мүмкіндіктері сөз болған еді. Нәтижесінде 2019 жылы 350 адамды, ал 2020 жылы 700 адамды ТШО-ның болашақ даму жобасы аясында жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт жасалған болатын.

Енді тестілеу нәтижесімен 350 адам тегін курстан өтіп, нәтижесінде темір ұстасы, құбыр жөндеуші, құрылыс материалдарын дәнекерлеуші, темірбетон конструкциясын монтаждаушы, электромонтаждаушы, жүк ілдіруші және ағаш конструкцияларын құрастырушы мамандықтары бойынша білімін жетілдіретін болады.

Айта кетейік, кандидаттарды іріктеу ертең сағат 10.00-де «АРЕС Petrotecnic» колледжінде басталады. Тестілеуге жазылу үшін 8 701 267 48 16 нөміріне хабарласу міндетті.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT