Сөмке толы құрал-жабдықпен қамтыды

(0 Votes)

Он бірінші рет өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына кө­мек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Акция кезінде мұқтаж жандарға көмек­тесуді, сондай-ақ демеу­шілік көмек көрсетуді қалайтын кез кел­ген адам өз үлесін қоса алады.

«Мақат» қоғамдық қоры аталмыш акциядан құр қалмады. Олар  85 000 теңгеге жуық қаражатқа ауданымыздың 15 баласына сөмке толы оқу құралдарын алып берді. Жаңа оқу жылын су жаңа сөмкеге толы қажетті құрал-жабдықтармен бастаған балалар қамқор үлкендерге алғысын білдірді.

Қордың басшысы Ануар  Жеңісұлы қор жұмысы мұнымен тоқтамайтынын, алда әлі талай демеушілік істерге ұйытқы болатынын айтып, жоспарымен бөлісті.

Айтқандай-ақ, аталмыш акцияға Сіз де қатысып, өз үлесіңізді қоса аласыз.

Е.МЫРЗА

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз