"Нұрлы жер": Атырауда жыл басынан бері 257 отбасы баспаналы болды

(0 Votes)

Бүгін, мереке қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды – деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені, 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар.

118579233_2404575089850220_3413763561324032308_n


- Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Бастысы, тұрғындар үшін қолайлы. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері, яғни 8 ай ішінде баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті –деді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев

118602779_2404575139850215_1084623683218932782_n

Еске сала кетейік, өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған еді. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі, 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT