Әскери қызметтің талабы да мықты

(0 Votes)

Өткен аптада Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде жоғары әскери оқу орындарына қабылдау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оған аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Е.Амиров, инспектор, сала ардагері Н.Тасқайыров, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Е.Құлтаев және мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Е.Амиров оқу орындарына қабылдау, білім алу туралы таныстырды. Әскери білім мекемесін таңдаған түлек ең әуелі ҰБТ қорытындысын апарады. Әскери институттарының талабы – тестілеудің балы жоғары болуы тиіс. Жоғары оқу орындары Алматы мен Ақтөбе қалаларында орналасқан.

Әскери мамандықты таңдаған, оқуға ниет білдірген түлек жергілікті қорғаныс бөліміне өтініш білдіреді. Келесі кезекте ҰБТ балы жеткілікті деп шешілген соң, түлектер медициналық тексерістен, психологиялық тест және дене даярлығы бойынша кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Аталған кезеңдерден өткен үміткер комиссия мүшелерінің таңдауына түсіп, шешіледі.

Әскери мамандықтар бойынша кадрлар әзірлейтін жоғары оқу орындарында білім алу мемлекет тарапынан тегін болады. Оқуға қабылданған жағдайда 4 жыл тегін жатын орын, киім-кешек, тамақ, сондай-ақ демалыс кезінде жолақылары да төленеді. Оқуды тәмамдаған түлекке әскери билеттерімен қатар, лейтенант шені қосыла беріледі. Ал, ҰБТ-ден 30-дан жоғары балл жинаса, кадет корпусына түсе алады. Мұнда да мемлекет тарапынан көмектер беріледі. Корпустың басты міндеті –білімі мен білігі жоғары сержант әзірлеу. Сержант ертеңгі күні бір взвод жауынгерге үлгі көрсететін әскери қызметші болуы керек. Сондықтан кадет корпусына сержанттарды дайындауда қатаң талап қойылады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT