Сауда және интеграция бірінші вице-министрі – Атырауда

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі – Атырауда
(0 Votes)

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жұмыс сапары барысында өңірдегі сауда саласының өзекті мәселелерін талқылау және кәсіпкерлерді қолдау шараларын пысықтау мақсатында Атырау облысындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында отандық тауарларды қолдау және ішкі нарықта олардың үлесін арттыру, көтерме-тарату орталықтарын дамыту және өңірлік сауда инфрақұрылымын жетілдіру, экспортты қолдау және кәсіпкерлерге сыртқы нарыққа шығуға көмек көрсету, сондай-ақ цифрландыру жобалары мен саудадағы көлеңкелі айналымды азайту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәліметінше, облыстағы ішкі тауар айналымы қаңтар-қараша айларында 6,2 трлн теңгені құрады.

- Оның 5,7 млрд. теңгесі көтерме саудаға, 490 млрд. теңгеге жуығы бөлшек саудаға тиесілі. Өңірде азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Мысалы, кәсіпкерлермен жасалаған «Айналым схемасы» және форвардтық шарт негізінде 9,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі сатып алынып, 58 сауда нүктесінде нарықтық бағадан 15-20 % арзан сатылуда. Тұрақтандыру қорында 5690 тонна көкөніс жиналды, - деді М.Мурзиев.

Айжан Бижанова кездесу барысында отандық кәсіпкерлердің ел экономикасын дамытудағы рөліне тоқталды. Уәкілетті орган үнемі Обизнестің қажеттіліктерін тыңдауға және мәселелерді шешуге дайын екенін жеткізді.

- Министрлік жүзеге асырып отырған шаралар отандық өндірісті қолдауға, азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сауда саласын дамытуға бағытталған. Бұл тек қажетті көлемде, сапада және қолжетімді бағамен тауар сатып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар отандық өнімдерді сауда субъектілерінде сатуға жол ашады. Осы бағытта министрлік заңнаманы жетілдірумен, стандарттарды әзірлеумен, бақылау шараларын және талдамалық зерттеулер жүргізумен айналысады. Жақында 20 қалада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сөрелерде ұсынылуына қатысты ауқымды зерттеу аяқталды. Нәтижесінде отандық өнімдердің үлесі орташа есеппен 80%-ды құрайды, бірақ оны одан әрі қолдау қажет, - деді А.Бижанова.

Жиын соңында өңір кәсіпкерлері өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салып, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT