2020 жылдың шілдесінде Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсіріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары алдында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутат Ирина Смирнова Қазақстанда ең төменгі жалақы бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең төменгісі болып табылатынын айтты.
- Ең төменгі жалақы - посткеңестік кеңістіктегі барлық елдердің ішіндегі ең төмені. Бізден кейін тек Қырғызстан тұр. Ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қалай және қашан түбегейлі шешіледі? Шынында да біздегі бұл жалақымен, тіпті таңертеңнен кешке дейін, түнде де, мереке күндері де жұмыс істесеңіз де лайықты өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, азаматтардың көпшілігінде зейнетақы қорын жеткілікті мөлшерде жинау мүмкіндігіне де күмән тудырады, - деді ол тиісті ведомства министріне қаратып айтқан сөзінде.
Нұрымбетов табыстың төмендігі зейнетақы жүйесінде де, сол секілді АӘК-қа қатысты проблемалардың себебі болып табылатынын мойындады:
- Сондықтан бұл мәселе түбегейлі шешілуі керек. Президент тапсырмасымен Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді. Президент оны қолдады және бүгін Үкімет Ұлттық экономика министрлігіне және Еңбек министрлігіне бюджет шығыстарын ескере отырып, ең төменгі жалақыны кезең-кезеңмен көтерудің мүмкіндігін есептеп жатыр. Таяу уақытта, оны есептеп, Үкіметпен оны жан-жақты келісіп алғаннан дейін көпшілікті бұдан хабардар етеміз. Біз төменгі жалақыны өсіруді 2020 жылдың шілдесінен бастамаймыз ба деп ойлап отырмыз.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева бұл маңызды мәселе екенін атап өтті.
- Халықтың табысын арттыру – маңызды мәселе. Бұл мәселені шешпейінше, тұрғын үй бағдарламалары да, зейнетақы жинақтарын пайдалану да біз күткен нәтижені бермейді, - деді ол.
Нұрымбетов қазіргі кезде алдына 2023 жылдың басында ең төменгі жалақы көлемі сол кездегі орташа жалақының 30% -ынан кем емес болатындай ету туралы міндет қойып отырғандарын атап өтті.
- Біз Президентке БЖЗҚ-дағы салымдар бойынша қалыптақан жағдайды қайткенде өзгертуге болады деген тұрғыда ұсыныстар жолдадық. Жинақтың аз болуының бірден-бір себебі - жалақының аздығы. Сондықтан біз ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеруді ұсындық. Себебі 2019 жылға дейін ең төменгі жалақы әрдайым ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес есептеліп келді және ол тек инфляция деңгейіне қарап өсірілді. Енді біз бұл арада оны күрт өсіру туралы айтып отырмыз, - деді ол.
Министрліктің хабарлауынша, оны 70 мың теңгеге дейін апару жоспары бар.
Сурет: ашық дереккөз