ҚҚС-тың өсуі бұқараға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бірақ, бюджет тапшылығы да оңай шешілер дүние емес. Дегенмен, қосымша құн салығын 12 пайыздан бірден 20 пайызға өсіру тым асығыстық секілді. Әлеуметтік желілердегі түсінісбеушіліктерден кейін ел Президенті Қ.Тоқаев та бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттелу керектігін баса айтқан болатын.
Көрші елдермен немесе дамушы мемлекеттермен салыстырғанда біздегі ҚҚС төмен. Әйтсе де, бұл жерде біржақты шешім қабылдамай, Мемлекет басшысы айтқандай, барлық тараптың пікірін ескере отырып, билік пен бұқараға оңтайлы шешімді қабылдау керек деп ойлаймын. Болашақтың бағдарын айқындайтын шешімдердің бірі болуы әбден мүмкін.
Сондықтан, бизнестің де, бұқараның да, биліктің де пікірі ескерілуі тиіс.
Асылбек Жылқыбаев,
жеке кәсіпкер