Өңірге тиімді жобалар

Өңірге тиімді жобалар
(0 Votes)

Биылғы жылы облысымызда 17 жобаны іске қосу көзделіп отырғанын естіп жатырмыз. Бұл өңіріміздің дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың жақсаруына, жұмыссыздықтың азаюына алып келері сөзсіз.

Олардың қатарындағы, «FFS қап шығаратын зауыт» ашылуы өр суынан қорғану кезінде және басқа да қажеттіліктерге қап тапшылығын жояды деген сенімдеміз. «Ет бағытындағы құс фабрикасы» отандық нарықтағы өзге елдерден әкелінетін құс етін алмастырары анық. Өзіміздің өнімге, соның ішінде жергілікті жерден шыққанына не жетсін?! Қазір дүкендерде негізінен «Локомотивтердің тірек арқалықтарын өндіру цехы» тоғыз жолдың торабында жатқан, жүздеген мың тонна жүк тасылатын облысымыз үшін қажетті жоба деп санаймын. Ол да жаңа жұмыс орны.

Ауданымыздағы Шортанбай балық шаруашылығын жаңғыртуда осы 17 жобаның ішіне кіргені көңіл қуантады. Ертеден келе жатқан, аудандағы ең ірі зауыт. Оның заманға сай жұмыс жасап, уақыт талабынан туған сұраныстарды қанағаттандыратындай болғаны зауытқа ғана емес, ежелден балықшылықты кәсіп еткен Шортанбай ауылының тұрғындары үшін де тиімді. Зауыт өсіп, балық қабылдау артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Осындай өңірге де, елге де тиімді жобалар көбейе берсін!

Сағидолла Кулов,

Құрманғазы ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT