Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауында әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамда резонанс тудырған мәселелерге баса назар аударғаны байқалды. Нәтижесі уақыт еншісінде. Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамыған және иинклюзивті экономиканы қалыптастыру, халықты әлеуметтік қамту саласын жаңғырту, сондай-ақ, өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларын ұсынды.
Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы бізді қатты қуантты. Сондай-ақ, ұстаз ретінде қуанғаным - мұғалім мәртебесін көтеріп, жалақыны екі есе өсіруді тапсырғаны. Яғни, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіні көңілге қуаныш ұялатады. Сондай-ақ, зейнетақы жинағындағы ақшаны енді ел азаматтары оқу оқуға немесе баспана алуға қолдана алады. Бұл, жастар үшін керемет жаңалық емес пе?! Жолдауда басты негізге қордаланған мәселелер ортаға салынды. Енді іске асуы қалды.
Жолдау еліміздің дамуына маңызды рөл атқарады деп есептеймін. Елдігіміз мәңгілік баянды болғай!
Жанат Айтқалиева
С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі
фото: ашық дереккөз