Мақат локомотив пайдалану депосының қызметкерлері азық-түлік себетін таратты

(0 Votes)

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы бастау алғаны белгілі.

Осы орайда Атырау ЖТ бөлімшесінің филиалы Мақат локомотив пайдалану депосының аппарат қызметкерлері халыққа қажетті жиынтықты үлестіруді бастап кетті.

Олар «2020 қайырымды игі іс» бастамасына үн қосып, мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

d0428a45-5e28-47ee-b819-572276106bb1

Мақат кентінде тұратын екі көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық қажеттілікке керекті заттармен көмек көрсетті. Осылайша Мақат локомотив пайдалану депосының қызметкерлері қысыл-таяң уақытта халықпен бірге екендіктерін танытты.


өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521