Мүгедек баланың жәрдемақысы 1 шілдеден бастап өседі

(2 Votes)

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшері 2019 жылдың 1-ші шілдеден арттырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Алдағы 10 жыл – бұл мемлекетіміздің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіндегі шешуші кезең. Негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуы. Осы нақты мақсаттар мен жобалар белгіленген, олар негізгі үш бағыт бойынша іске асырылатын болады. Солардың бірі халықтың күн көрісі төмен тобының табысын арттыру және қолдау.

Осы ретте, мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады.

Аталған жәрдемақылар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшері 2019 жылдың 1-ші шілдеден бастап күнкөріс деңгейінің 1,4 еселігі, яғни – 41 578 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейінгі бұл жәрдемақының мөлшері – 31 183 теңге күнкөріс деңгейінің 1,05 еселігі болып табылады.

С.Сисатова,

№2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT