Гүлшара Тоғаниязқызы,
№6 Мақат кітапханасының меңгерушісі:
-Рәміздер – біздің еліміздің бет-бейнесі. Біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оны құрметтей, қастерлей білуі қажет. Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, салт-дәстүрін сақтау - еліміздің әр азаматының міндеті, борышы.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!