Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндік бар

(0 Votes)

 Мемлекет басшысының қабылдаған реформалары көптің көңілінен шыққандығы айтпаса да белгілі. Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бірқатар проблеманың басын қайырды.

Соның ішінде елімізде атом электр станциясының салынуы туралы сөз қозғалды. ​ Күніне 24 сағат, аптасына 7 күн электр энергиясын өндіріп беріп тұратын – тек қана атом электр станциясы. Ол да күн энергиясы сияқты жасыл энергетика, ешқандай көмір қышқыл газын бөліп шығармайды. Әрі әлемдегі ең арзан кешен болмақ. Ол бірінші кезекте өндірісті, экономиканы арттырады. Жалпы Қазақстанның атом энергетика саласында тәжірибесі де жоқ емес. Бір емес, бірнеше ядролық зерттеу институтының базасындағы реакторлар 60 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Тіпті кеше осы энергетика саласына қатысты мамандар көміртекті генерациялар болашақта қымбаттай беретінін, ал бұл салаға инвестор тарту қиын екенін айтуда. Әрі әлемдік деңгейде шекаралық көміртегі салығы қымбаттай түспек. Жаңартылған энергия көздері тұрақты емес. Газ тапшы. Көмір зиян. Осындай бірнеше факторды ескерсек, электр энергиясының дағдарысы жылдан жылға өспесе кемімейді. Осы факторларды ескере отырып, Қазақстан АЭС салу туралы бастаманы қолға алғалы отыр ғой. ​

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Ал құрылысқа бөлінген қаржы талан-таражға салынбай, мақсатты игеріледі дейді. Өйткені жобаның құрылысын бастан-аяқ мемлекет қана емес, халықаралық ұйымдар да қатаң бақылауда ұстайды.

Сонымен елімізде АЭС салына ма, жоқ па деген сауал күн тәртібінде тұр. Соңғы шешімді 6 қазанда өтетін референдумда халық қабылдайды. Егер атом электр станциясы салынатын болса, бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады.

Сайлауғали Кенжеғалиев,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521